Главная > Жаңалықтар > «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары


25-11-2020, 12:21. Разместил: admin13

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары білім беру ұйымдарында 2016 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеуде. 

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметін ұйымдастыру барысында ерікті мектеп клубының қатарына мектеп оқушылары қабылданды. Құрылған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қатарына 5-11 сыныптары  мүшелікке оқушылар қабылданды. Аудан бойынша 677 оқушы қабылданды. 

      «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Ауданның 26 білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Парасат» бұрышы жасалған. 

Жыл бойы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

9-11 сынып оқушыларына тарих пәнінің мұғалімдері «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында дәрістер оқылды.

Мектеп кітапханаларында «Парасатты азамат» атты кітап  

көрмесі үнемі  жаңартылып отырады.

5-8 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» суреттер, плакаттар  байқауы ұйымдастырылды.

      Тоқсан сайын мектептерде 4-11 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады?», «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек», «Адал азамат болу дегеніміз не?» тақырыптарына эссе, шығармалар байқаулары ұйымдастырылды. 

Ар-ұят, абырой, адалдық, жауапкершілік, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттау мақсатында 5-7 сыныптар арасында театрлық қойылымдар қойылды.


№1 мектеп-гимназиясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен аймақтық (Сарқан, Алакөл, Ақсу) байқауы ұйымдастырылып, №1 мектеп-гимназиясының «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолданып, облыстық байқауда «Парасатты» номинациясына және 50 000 теңге қаржылай сыйлыққа иеленді. 


Вернуться назад