Главная > Жаңалықтар / Әдістемелік орталық > Сарқан аудандық білім бөлімі бойынша "Жылдың үздік мұғалімі" атты байқауының ережесі қыркүйек айының 9 күні жариялануы туралы хабарлайды. Ережеге сәйкес өтінімдер қабылдануда.
Сарқан аудандық білім бөлімі бойынша "Жылдың үздік мұғалімі" атты байқауының ережесі қыркүйек айының 9 күні жариялануы туралы хабарлайды. Ережеге сәйкес өтінімдер қабылдануда.9-09-2021, 15:47. Разместил: admin |
|
Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының ЕРЕЖЕСІ Білім басқармасы облыс Әкімінің қолдауымен «Жылдың үздік мұғалімі» байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырып, өткізеді. Байқаудың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау. Байқаудың міндеттері:
Байқауды өткізуді ұйымдастыру
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға қатысу тәртібі: Үміткер облыстық конкурстың ұйымдастыру комитетіне электронды нұсқада тапсырады.
Байқаудың ІІІ, ІV бетпе-бет кезеңі 2021 жылдың 24 қыркүйегінде өтеді І кезең (сырттай). Сабақ, ұзақтығы: 15 минут;
2. Сабақ дизайны: – түс фоны тұрақты – түс гаммасына жақын үш түстен; – экрандағы мәтін қысқа да нұсқа, анық, шамадан тыс жүктелмеген; – дыбыс анық (бөгде дыбыссыз), дыбыс деңгейі бойынша біркелкі; – видеоқатар – экран ауданының 75-100%. 3. Техникалық талаптар: Электрондық білім беру ресурстары: Бейнежазбалар форматы мен пішімі: – рұқсат етілген пішім: MP4, MOV; – бір файлдың өлшемі-200 Mb артық емес; – бейнежазбаның ұзақтығы-15 минуттан аспайды ІІ кезең (сырттай). Байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін айқындайтын электронды портфолиосы мынадай критерийлер бойынша бағаланады: ІІІ кезең Бетпе-бет. Жұмыс жүйесінің моделі (5 мин). Бағалау балдық жүйемен бағаланады. Байқау тапсырмасының форматы: Инновациялық тәжірибені оқу – әдістемелік тұрғыда қолдануы және оны демонстрациялау. (Уақыт регламенті: 5 минут, 10 слайдтан аспауы тиіс). Бағалау критерийлері (балдық жүйемен бағаланады):
ІҮ кезең Бетпе-бет. Импровизациялық тапсырма (3 минут). Байқауға қатысушы 3 минут ішінде аудитория алдында берілген тақырып бойынша сөйлеу шеберлігін танытуы тиіс. Импровизациялық тапсырмаға қойылатын талаптар:
Қазылар алқасы Әр кезеңдік іс-шараларды талқылауға қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын, жұмыс тәртібін, төрелік жүйесін құрылтайшылар бекітеді. Байқаудың қазылар алқасын ұйымдастыру комитетінің ұсынуымен білім басқармасының басшысы бекітеді. Қазылар алқасы байқауға қатысушыларға берілген тапсырмаларды, бағалаудың өлшемдерін әзірлейді. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың ашық сабақтарына қатысады, сонымен қатар, олардың кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілеттерін ашатын байқаудың тапсырмаларын құрастырады. Қазылар алқасы байқаудың жүлдегерлерін анықтайды және оларды марапаттайды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасы І, ІІ, ІІІ орындар және «Үздік бейнесабақ», «Үздік инновациялық тәжірибе», «Шығармашыл педагог», «Креативті педагог» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Облыстық байқауда І орын үшін берілетін сыйлықты облыс әкімі тағайындайды. ІІ, ІІІ орындар үшін берілетін сыйлықты білім басқармасы белгілейді. Барлық қатысушыларға алғыс хат беріледі. Байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибелері облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында жинақталады. Байқау құрылтайшылары, қоғамдық ұйымдар және жеке демеушілер жеңімпаздар үшін өз сыйлықтарын белгілей алады. Вернуться назад |