Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат » Сарқан ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » » Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат

Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат

20-09-2022, 11:18

Білім саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат

Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі Жетісу облысы білім басқармасының 2022 жылғы 8 қыркүйектегі   №1 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, ауданның барлық білім беру ұйымдарына «Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама бұзушылықтарының профилактикасы» тақырыбында білім бөлімінің кеңесін өткізді. 

Кеңесте, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» №802 жарлығымен бекітілген, тұжырымдамада көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі маңызды жетістіктер және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жетілдірудің бағдарлары талқыланды. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылып, ұсынымдар қабылданды.

Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 48
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать