Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру » Сарқан ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

30-07-2023, 16:48

Сарқан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі 

конкурстық комиссиясы отырысының

                                             

№ 1 ХАТТАМАСЫ 


Сарқан қаласы                                                           2023 жылғы «____» маусым


Комиссия төрағасы:

Ж.А.Бейтек                                                      - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                       бөлімінің басшысы

                                                                

Комиссия хатшысы:

А.Б.Жанибекова                                           - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                      бөлімнің бас маманы

Коммисия мүшелері: 

К.А.Кожеспаева                                            - Сарқан аудандық мәслихатының 

       бас маманы

Р.Н.Тұрсынов                                              - «Атамекен» ҚР ҰКП аудандық 

 филиалы басшысының міндетін     

 атқарушы.

Е.Ш.Алинов                                                - Сарқан аудандық кәсіподақ 

      ұйымының төрағасы.


Р.Р.Ахмаров                                                - Сарқан ауданы төтенше 

      жағдайлар бөлімінің аға инженері.

Р.Е.Орынбекова                                         - Сарқан аудандық санитарлық-

     эпидемиологиялық бақылау  

     басқармасының жетекші маманы.

К.А.Курмангалиева                                    - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                      бөлімінің бас есепшісі.

Қатысқандар: комиссия мүшелері ___ адам.

Қатыспағандар: ___ адам.


КҮН ТӘРТІБІ:


  1. Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, бюджеттен қаржыландыру жүзеге асырылған 2023 жылға арналған Сарқан ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру туралы.


Сөйлегендер: Ж.Бейтек, комиссия төрағасы   -  конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығына (бұдан әрі Қағида) сәйкес өткізілетінін айтып өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алған, 2023 жылға арналған тізбеге ену үшін конкурстық рәсімге қатысу үшін Қағиданың 14, 15-тармақтарында көрсетілген жаңартылған құжаттарды комиссия мүшелеріне ұсынады. Олар:

1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;

4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).

6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;

7) медициналық қызметке лицензиялар;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;

9) "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу № 28566 тізілімінде болып тіркелген) сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі - № 29/қе бұйрық);.












Конкурстық комиссиясының шешімі:


  1. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алған, 2023 жылға арналған тізбеге ену үшін конкурстық рәсімге қатысқан Сарқан ауданы бойынша 1 шағын орталық (ЖШС «Бөбек – 2017» балабақшасы қосымша 25 орын) мектепке дейінгі ұйымдары талапқа сәйкес деп танылсын. 
  2. Сарқан ауданы бойынша 1 шағын орталық (ЖШС «Бөбек – 2017» балабақшасы қосымша 25 орын) мектепке дейінгі ұйымдарың тізбесіне енгізілсін. 



Комиссия төрағасы:

Ж.А.Бейтек                                                      - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                       бөлімінің басшысы 

                                                                

Комиссия хатшысы:

А.Б.Жанибекова                                          - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                      бөлімнің бас маманы

Коммисия мүшелері: 

К.А.Кожеспаева                                             - Сарқан аудандық мәслихатының 

       бас маманы

Р.Н.Тұрсынов                                              - «Атамекен» ҚР ҰКП аудандық 

 филиалы басшысының міндетін     

 атқарушы.

Е.Ш.Алинов                                                - Сарқан аудандық кәсіподақ 

      ұйымының төрағасы.


Р.Р.Ахмаров                                                 - Сарқан ауданы төтенше 

      жағдайлар бөлімінің аға инженері.

Р.Е.Орынбекова                                          - Сарқан аудандық санитарлық-

      эпидемиологиялық бақылау  

      басқармасының жетекші маманы.

К.А.Курмангалиева                                     - Сарқан ауданы бойынша білім 

                                                                        бөлімінің бас есепшісі.


 














Сарқан қаласындағы   ЖШС «Бөбек - 2017» 

жекеменшік балабақшасына қосымша

25 балаға мемлекеттік білім 

беру тапсырысын орналастыру

туралы



        «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына және 29.06.2023 жылғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасының қорытындысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Сарқан қаласында орналасқан ЖШС «Бөбек - 2017» балабақшасына Сарқан ауданы бойынша жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс бойынша  2023 жылғы 01 шілде айынан бастап қосымша 25 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырылып қаржыландырылсын.

        2. Сарқан ауданы бойынша білім мекемесінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын ата-аналар төлемақысының, жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерін айқындау білім бөлімінің бас есепшісі К.Курмангалиеваға тапсырылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын




Бөлім басшысы                                                   Ж.Бейтек



Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 95
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать