Сарқан аудандық білім бөлімі «Үздік педагог - 2021» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы » Сарқан ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Русский   Қазақша
Регистрация
» » Сарқан аудандық білім бөлімі «Үздік педагог - 2021» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы

Сарқан аудандық білім бөлімі «Үздік педагог - 2021» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы

17-05-2021, 11:31
Сарқан ауданы білім бөлімінің 2021  жылғы 20 сәуіріндегі №87 бұйрығына сәйкес 17 мамыр күні Сарқан ауданы білім бөлімінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсы өткізілді. Конкурсқа 26 білім беру ұйымдарынан 14 педагог қатысты. 
Конкурс ережесіне сәйкес білім бөліміне қатысушылардан төмендегі  құжаттар ұсынылды:
  1. Өтінім;
  2. Білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс; 
  3. Жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;
  6. Электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;
  7. оқыту тіліндегі портфолио 
  8. «Мұғалім – мәртебелі мамандық», «Заманауи тәрбие құндылықтарының өзекті проблемалары», «Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы қайта құрулардың шарты ретінде»,»Педагогикалық шеберлік тәрбие мен оқыту өнері ретінде» тақырыптарының біреуіне эссе;
  9. «Менің жүрегімдегі мектеп» тақырыбындағы бейнеролик 
Конкурсқа қатысушылардың  портфолиоларында педагог туралы жалпы мәлімет, педагогтік қызметтің мониторингі, ғылыми-әдістемелік қызметі, сабақтан тыс қызметі және «Менің жүрегімдегі мектеп» бейнероликтері, оқу сабақтары қаралып, бағаланды.
Аталаған өлшемшарттармен бағалау барысында Абай атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергенқызының кәсіби қызметі жоғары бағаланды. 
Конкурс комиссиясының шешімімен облыстық «Үздік педагог» байқауына   Абай атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергенқызы жолданды.
Пожаловаться
Автор: admin
Прочитали - 87
Распечатать
Комментарии к новости0
Комментировать