Главная > Жаңалықтар > РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ аудандық кезеңі 2022 жылы 24 қыркүйек күні Абай атындағы мектеп гимназиясы базасында өтеді.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ аудандық кезеңі 2022 жылы 24 қыркүйек күні Абай атындағы мектеп гимназиясы базасында өтеді.6-09-2022, 16:43. Разместил: admin |
![]() РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ аудандық кезеңі 2022 жылы 24 қыркүйек күні Абай атындағы мектеп гимназиясы базасында өтеді. Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Міндеттері: - республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру; - балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру; - туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу. Қатысушылар: 3-10 сынып оқушылары. Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі. Ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі: 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегілері); 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»); 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»); 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо). Іріктеу кезеңдеріндегі тапсырмалардың нысаны: берілген кітаптар бойынша тест сұрақтары және берілген тақырыптар бойынша эссе жазу. Айта кетейік, аудандық кезеңге 19 мектептен 150 оқушы қатысуға ниет білдірді. #Балаларжылы #оқуғақұштармектепжобасы #Балаларәлеміжобасы Вернуться назад |