РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ аудандық кезеңі 2022 жылы 24 қыркүйек күні Абай атындағы мектеп гимназиясы базасында өтеді.
6-09-2022, 16:43

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ОҚУЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ аудандық кезеңі 2022 жылы 24 қыркүйек күні Абай атындағы мектеп гимназиясы базасында өтеді.
Байқаудың мақсаты – балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері:
- республикалық байқауға қатысу барысында оқушыларды кітап оқуға бейімдеу және оқу сауаттылығын арттыру;
- балалардың жылдам оқу, логикалық, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және сананың ашықтығын қалыптастыру;
- туған елі туралы білімдерін жетілдіру және отансүйгіштікке баулу.
Қатысушылар: 3-10 сынып оқушылары.
Байқауды өткізу тілі: қазақ тілі.
Ұсынылған қазақстандық және шетелдік кітаптардың тізімі:
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегілері);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Іріктеу кезеңдеріндегі тапсырмалардың нысаны: берілген кітаптар бойынша тест сұрақтары және берілген тақырыптар бойынша эссе жазу.
Айта кетейік, аудандық кезеңге 19 мектептен 150 оқушы қатысуға ниет білдірді.
#Балаларжылы
#оқуғақұштармектепжобасы
#Балаларәлеміжобасы
Похожие новости:

Сарқан ауданыдық білім бөлімі хабарлайды 9 қыркүйек күні жарияланған «Жылдың үздік мұғалімі» атты байқаудың қорытындысын ұсынамыз
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық
Сарқан аудандық білім бөлімі «Үздік педагог - 2021» республикалық конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы
Жаңалықтар / Әдістемелік орталық / Әдістемелік кабинет
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары
Жаңалықтар
Мүгедек балалар үшін оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртібі
Жаңалықтар
ҚР ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖҰЛДЫЗАЙ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНІҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ.
Жаңалықтар